Қазіргі ажырасуға басты себеп еркектердің аз ақша табуы деп ойлайсыздар ма?
1-Сұрақ: Қазіргі ажырасуға басты себеп еркектердің аз ақша табуы деп ойлайсыздар ма?1-Жауап: Қазіргі ажырасулардың бірнеше себептері бар. Олар үйленер алдында дұрыс жар таңдамау, мінез-құлық, материалдық жағдай, жұмыс, карьера, баспана, перзент сүйе алмау, маскүнемдік, құмарлық, өзара сенімсіздік, ата-ене, қайын жұрттың әсері – санай берсек тауысу қиын. Бүгінгі қоғам тұрғысынан алғанда, ажырасуға соқтыратын басты себептердің бірі материалдық жағдай. Мысалы, ер адамның өз отбасын дұрыстап асырамауы, олардың күнделікті қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алмауы шаңырақты шайқалтпай қоймайды....