Әкем

Әкем

4 жас: Әкем бәрін біледі.
5 жас: Әкем көп нәрсе біледі.
6 жас: Менің әкем сенің әкеңнен көбірек біледі.
8 жас: Әкем бәрін білмейді.
10 жас: Әкемнің жастық шағында бәрі басқаша болған екен ғой.
12 жас: Негізінде әкем бұл мәселе бойынша ешнәрсе білмейді. Қартайғаны соншалық өз балалық шағы есінде жоқ.
14 жас: Әкемді тыңдамай-ақ қой. Ол басқа дәуірдің адамы.
21 жас: Әкем ба? Құдай сақтасын! Ол ешнәрсеге жарамайды ғой.
25 жас: Әкем бұл мәселе жайында біраз болса да бірнәрсе біледі. Дегенмен, сонша өмір сүрген адамның оны білуіне таңғалудың қажеті жоқ сияқты.
30 жас: Бұл жағдайдың шешімін табу үшін әкеммен ақылдасып, ой-пікірін білсек дұрыс болады. Ол - өте тәжірбиелі.
35 жас: Әкеммен ақылдаспай ешнәрсе істемеймін.
40 жас: Әкем, марқұм, бұл мәселені қалай шешер еді? Жарықтық, өте тәжірбиелі, білімді жан еді ғой.
50 жас: Әкемнің қасымда болып, ақылын айтуын бұл жалғанда ешнәрсеге айырбастамас едім. Оның өте ақылды екенін білмеппін ғой. Білгенімде әкемнен көп нәрсе үйреніп алар едім.

Елжас Ертайұлы.

Елжас ЕртайұлыЕлжас Ертайұлы
8 жыл бұрын 4287
0 пікір
Блог туралы