Баламен дұрыс байланыс құру
Баламен дұрыс байланыс құру

Тәрбиешінің жетістігі байланыс құра алу жетістігі арқылы өлшенеді. Ересектермен байланыста "мен тілі" ұсынылса, балалармен байланыста "іс-әрекет тілін" қолдану ұсынылады. Мен тілі адамның бір әрекетке байланысты не сезінгенін анық айтуы. Мысалы, "мына әрекетің мені қатты ренжітті" секілді. Іс-әрекет тілі адамға бағытталмайды, істелінген әрекетке бағытталады. Мысалы, "істеген бұл әрекетің дұрыс емес " деген секілді."Мен тілі" арқылы байланыс құрылған балалар әрқашан ата-анасынан: "ашуландың ба, ренжідің бе,мені жақсы көресің бе" деген сұрақтар сұрайды.Және олар "басқалар не дер екен" деп өмір сүруді әдетке айналдыруға дайын. "Мен тілімен" өскен бала өзі секілді болудың орнына басқалардың қалауына сай өмір сүруді өнер деп есептейді.

Елжас ЕртайұлыЕлжас Ертайұлы
9 жыл бұрын 5159
3 пікір
Блог туралы