- Балаларыңызды ернінен сүймеңіз.
- Қоғамдық көліктерде балаларыңызға «мына апайдың алдына отыр», «мына ағайдың жанына отыр» деу арқылы бейтаныс адамдармен байланысын күшейтпеңіз.
- Балаңызды басқа адамдармен дәретханаға жібермеңіз, тіпті туысыңыз болса да.
- Балаңыз өзін сүйгізгісі келмесе, оған ашуланбаңыз.
- Балаңызға өзінің қалауынан тыс оның денесіне ешкім тисе алмайтынын үйретіңіз.
- Бағдаршамда қызыл жанып тұрғанда, жол бос болса да, балаңызбен бірге жолдан өтпеңіз.
- Балаңыздың көзінше коланы сіміріп ішіп «балам, кола өте зиянды» демеңіз. Өзіңізге деген сенімінен айырылмаңыз.
- Өзіңіз кітап оқымайтын жан болсаңыз, «балам кітап оқымайды» деп оған ренжімеңіз.
- Балаңызға «Сен істей алмайсың» деп сағын сындырмаңыз, «істеп көргің келе ме?» деп жігерлендіріңіз.
- Балаңызбен дос болмаңыз, әке-шеше болыңыз.
- Балаңызға тыйым сала бермеңіз, оған зиянын түсінікті тілмен түсіндіріңіз.
- Балаңызбен сөйлескенде оның көзіне қараңыз.
- Балаңызды көп құшақтаңыз. Өзіне қажетті махаббатты сізден ала алмаған бала оны сырттан іздейтінін естен шығармаңыз.
- Балаңыздың намысына тимеңіз, кінәлай бермеңіз және ешқашан ешкіммен салыстырмаңыз. Әр баланың өзінше ерекше екенін ұмытпаңыз.
- Балаңызға бірнәрсе үйретерде қорқыту арқылы емес, түсіндіру арқылы үйретіңіз.
- Балаңыздың сұраған сұрағына қысқа әрі нұсқа жауап беріңіз.
Елжас Ертайұлы
«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы
www.facebook.com/bakittiotbasi
vk.com/bakittiotbasi
instagram.com/bakittiotbasi
twitter.com/bakittiotbasi
Қосымша: Жаңа жоба «Күнделікті What's app кеңестері» жобамызға қатысыңыз. Кеңестеріміз жеке өзіңізге, телефоныңызға келеді. Қатысу үшін +77086792059 нөмеріне What's app арқылы өз нөмеріңізді жіберіңіз. #бақыттыотбасы