Балалар арасындағы қызғаныштың алдын алу үшін не істеу керек.
Кішентай сәби шыр етіп, дүние есігін қаққан кезде оның келгеніне қуанбайтын – оның үлкен бауыры. Өйткені, ол бастапқыда «мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп алаңдауы мүмкін. Алайда, әке-шешесі табиғи түрде әрекет етсе, тұтанып келе жатқан қызғаныш шоғы жанбай жатып сөнеді. Әке-шешесі баласының алаңдаулы әрекеттерінен шошымай, сабырмен тыңдаса және табиғи әрекеттерін жалғастырса, бала өзінің алаңдауының орынсыз екенін түсінеді. Яғни, бала өз өмірінде де, ата-анасының махаббаты мен әрекеттерінде де ешқандай өзгеріс жоқ екенін байқаса, қызғаныш сезімі басталмай жатып бітеді. Мысалы, бауыры...